Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев қаңтардағы митинг кезінде қайда болған

Опубликовано:

Қайрат Оразбаев
Қайрат Оразбаев. Фото: facebook.com/K.Urazbayev

Қаңтардағы митингтер кезінде Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаевтың неліктен жұмыс орнында болмағанын әкімдіктің баспасөз хатшысы Нұрислам Ғұмар айтып берді.

Өңірдегі "Ақ Жайық" басылымының журналистеріне әкімдіктің баспасөз қызметшісінің айтуынша, Атырау әкімі Қайрат Оразбаев 31 желтоқсаннан бастап еңбек демалысына шыққан.

Алайда 10 қаңтар күні жұмысқа шақыртылған. Ал келесі күні денсаулық жағдайына байланысты демалысқа кеткен. Оның қашан жұмысқа шығатыны әзірге белгісіз.

Еске сала кетсек, 4 қаңтарда Атыраудың орталық алаңына мыңдаған адам жиналды. 5 қаңтар күні де митинг жалғасып тапты. Шерушілер Атырау облысы әкімдігінің ғимарат басып алуға тырысты.

Салдарынан Атырау облысындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде 1 адам қаза тауып, 49 адам зардап шекті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1951364-atyrau-qalasynyn-akimi-qairat-orazbaev-qantardagy-miting-kezinde-qaida-bolgan/

pixel