"ҚазТрансОйл" басшысының міндетін уақытша кім атқаратыны белгілі болды
Опубликовано:

"ҚазТрансОйл" АҚ бас директорының, басқарма төрағасының міндетін уақытша атқарушы болып Сәбит Арынов тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында хабарланды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Нұрсұлтан) биржаға келесіні хабарлайды:
"ҚазТрансОйл" АҚ бас директорының (басқарма төрағасының) міндеттерін уақытша атқару "ҚазТрансОйл" АҚ бас директорының орынбасары, басқарма мүшесі Сәбит Әбілдайұлы Арыновқа жүктелсін", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін "ҚазТрансОйл" және "QazaqGaz" басшылары өз қызметтерінен босатылған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1951611-qaztransoil-bassysynyn-mindetin-kim-atqaratyny-belgili-boldy/