Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қорғаныс министрлігі: Қазақстанда шетелдік әскери қызметшілер жоқ

Опубликовано:

Қазақстан әскері
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы Олжас Құсайынов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҰҚШҰ-ның бітімгершілік күштерін елден шығару аяқталғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Олжас Құсайыновтың мәлімдеуінше, әскерилердің жеке құрамы мен техникасын тасымалдайтын соңғы әуе кемесі Алматыдан ұшып кетті.

"Бүгін Қазақстан аумағынан ҰҚШҰ-ның бітімгершілік әскерін шығару жұмысы аяқталды. Дәл қазір Қазақстан аумағында шет мемлекеттердің әскери қызметшілері жоқ", - деді ол.

Сыртқы істер министрлігі Еуразиялық интеграция департаментінің директоры Александр Синяговский өз кезегінде ҰҚШҰ-ның ұжымдық күштері Ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылған күннен бастап 30 жыл ішінде алғаш рет іске тартылғанын айтты.

"Қазіргі уақытта Қазақстанның бастамасымен болған ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің миссиясы сәтті аяқталды. 13 қаңтарда ҰҚШҰ-ның біріккен бітімгершілік контингентін кезең-кезеңімен шығару басталды. Бізге келген бітімгерлер миссиясын сәтті аяқтап, өз елдеріне оралуда", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1951950-qorganys-ministrligi-qazaqstanda-seteldik-askeri-qyzmetsiler-zoq/

pixel