Тоқаев Бектановты қорғаныс министрі қызметінен босатты

Опубликовано:

Мұрат Бектанов
Фото: wikipedia.org

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Бектановты қорғаныс министрлігінің басшысы қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі лауазымынан босатылды" - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Мұрат Бектанов қорғаныс министрі болып 2021 жылдың тамыз айында тағайындалды.

Бүгін мемлекет басшысының жарлығымен қорғаныс министрлігінің басшылығына Руслан Жақсылықов келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1951951-toqaev-bektanovty-qorganys-ministri-qyzmetinen-bosatty/