Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Nur Otan партиясының кезектен тыс съезі 28 қаңтарда өтеді

Опубликовано:

"Нұр Отан" жазуы
Көрнекі фото: nurotan.kz

2022 жылдың 28 қаңтарында Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезін өткізу туралы шешім қабылданды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің Twitter парақшасында мәлімдеді.

""Nur Otan" партиясы Саяси кеңесінің қаулысымен 2022 жылғы 28 қаңтарда партияның кезектен тыс XXI Съезін өткізу туралы шешім қабылданды. Коронавируске байланысты шектеу шараларын ескере отырып, ол онлайн-форматта өтеді", - деп жазды Байбек.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бейнеконференция байланыс режимінде барлық өңірлік филиалдармен жергілікті жерлерде ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың таяуда өткен парламент мәжілісінде қойған міндеттерін орындауға қоғамдық және партиялық қолдауды қамтамасыз ету жөнінде жиналыс өткізген болатын.

Оның айтуынша, Nur Otan мемлекет басшысы қойған әлеуметтік-экономикалық саладағы нақты міндеттерді орындауға өзінің бүкіл ресурстарын іске қосқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1951978-nur-otan-partiyasynyn-kezekten-tys-sezi-28-qantarda-otedi/

pixel