Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутат: Елбасының Қауіпсіздік Кеңесі мен ҚХА-да өмір бойы төрағалық етуін тоқтататын түзетулер сенатқа жолданды

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев
Фото: Elbasy.kz

Депутат Қанат Нұров мәжілісте конституциялық заңдарға бірқатар түзетулер мақұлданып, сенатқа жолданғанын мәлімдеді. Оның сөзіне сенсек, түзетулер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесін өмір бойына төрағалық ету құқын алып тастайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Депутат Қанат Нұровтың айтуынша, мәжіліс "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы", "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" және "Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы" конституциялық заңдарға бірқатар түзетулерді мақұлдаған.

Нақты айтқанда, ҚХА мен Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық ету құқығын тұлғасы бойынша емес, лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының президентіне заңды түрде беру жөнінде түзетулер сенатқа жолданған.

"Мемлекет басшысының парламенттегі сөзі революциялық сипатта болды(..). Енді парламент пен үкімет оның барлық уәделерін толығымен, шұғыл және нақты орындауы керек. Ең алдымен, бұл шешімнің күшін жою қажет болды.
Енді парламент пен үкімет оның барлық негіздемелерін толықтай, шұғыл және нақты түрде орындауға тиіс. Ең алдымен Тұңғыш президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесінде өмір бойы төрағалық етуін жою қажет болды. Біз мұны бүгін іске асырдық", - деп жазды Қанат Нұров өзінің Facebook-тегі ресми парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1951980-deputat-elbasynyn-qauipsizdik-kenesi-men-qxa-da-omir-boiy-toragalyq-etuin-toqtatatyn-tuzetuler-senatqa-zoldandy/

pixel