Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Командирлік қабілетін көрсете алмады": Президент Бектановтың жұмысын сынға алды

Опубликовано:

Қасым Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрлігін басқарып, бүгін қызметінен босаған Мұрат Бектановтың жұмысын қатаң сынға алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы мемлекет басшысы қорғаныс министрлігінің басшылығымен өткізген кеңесте айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы Күштерге деген талаптың күшейе түскеніне тоқталды.

"Армия Тәуелсіздігіміздің тірегі болып, мемлекет мүдделерін қорғауы тиіс. Қаңтар оқиғасы кезінде Қарулы Күштер өзіне сенімсіз әрі қабілетсіз басшылығының кесірінен жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде атқара алмады. Министр Бектанов командирлік қабілетін көрсете алмады.
Командалық-штабтық және әскери жаттығулар кезінде оң нәтиже көрсеткен армиямыз бола тұра, сын сағатта оның әлеуетін пайдалана алмадық. Сырттан көмек шақыруға мәжбүр болдық", – деді Жоғарғы Бас қолбасшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1951992-komandirlik-qabiletin-korsete-almady-prezident-bektanovtyn-zumysyn-synga-aldy/

pixel