Берік Беркімбаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болды
Опубликовано:

Президент өкімімен Берік Беркімбаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының өкімімен Берік Серікұлы Беркімбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Ал осыған дейін бұл қызметті атқарған Марат Еркінұлы Дәуешов лауазымынан босатылды.
Айта кетейік, бүгін президент өкімімен Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов та қызметінен босатылған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1952193-berik-berkimbaev-memlekettik-qyzmet-isteri-agenttigi-toragasynyn-orynbasary-bolyp-tagaiyndaldy/