Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мүлдем қажетсіз бастама": Тоқаев "Қазақстан халқына" қорына бір күндік жалақыны аудару идеясын сынға алды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Берік Уәли / Facebook

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ірі бизнес өкілдерімен кездесуі барысында бір күндік жалақыны "Қазақстан халқына" қорына аудару идеясын сынға алды. Бұл туралы "Алматы апаты" Telegram каналы хабарлады.

"Бұл жерде формализм мүлдем болмауы керек. Мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік қызметкерлерден бір күндік жалақы жинала бастады. Бұл мүлдем қажетсіз бастама. Тағы да қайталаймын: бұл бюджеттік қор емес. Бұл "Қазақстан халқының қоры".

Сондықтан оның жұмысы бюрократиялық ұзақ процедураларсыз жүзеге асуы керек. Бұл жұмыс толықтай ашық жүргізілетін болады. Барлық ірі компаниялар мемлекет белгілеген пайыздық үлесті қосады... Кәсіпкерлер қауымы бұл бастаманы шын жүректен қолдап, қорға көмек көрсетеді деп сенемін", - дейді президент.

Еске сала кетсек, "Қазақстан халқына" қорының Қамқоршылық кеңесі мемлекеттік қызметкерлердің бір күндік жалақысын аударуға қарсы шыққан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1952306-toqaev-qazaqstan-xalqyna-qoryna-bir-kundik-zalaqyny-audaru-ideyasyn-synga-aldy/

pixel