Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық шектен шықты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев: akorda.kz

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық бизнесмендермен кездесу барысында қазақстандықтардың табысындағы алшақтық қоғамдағы "өрттің" туындауына себеп болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тоқаев қазіргі таңда Қазақстанға шынайы реформалар қажет екенін айтты.

"Ел өзгерді, біздің азаматтардың, қазақстандықтардың экономикалық жүйеге деген, тұтас өмірге деген көзқарасы да өзгерді. 11 қаңтар күні парламентте мәлімдегенімдей, байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық шектен тыс деңгейге жетті.

Сіздер жақсы білетін жемқорлық аясында (ал кәсіпкерлерге бұл құбылыс шын мәнінде жақсы таныс) табыстағы бұл алшақтық қоғамда "отқа май құюмен" тең болды. Мұны террористер, содырлар мен қастандық жасаушылар да пайдаланып кетті. Қазіргі күні тергеу жүргізіліп жатыр. Олар туралы сіздер де, әлемдік қоғамдастық та білетін болады деп ойлаймын", - деді президент.

Айта кету керек, кездесуде мемлекет басшысы бір күндік жалақыны "Қазақстан халқына" қорына аудару идеясын сынға алған еді. Ол бұл идеяны "мүлдем қажетсіз бастама" деп атады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1952317-toqaev-bailar-men-kedeiler-arasyndagy-alsaqtyq-sekten-tys-dengeige-zetti/

pixel