Тоқаев: Мен үшін мемлекет мүддесі әлдебіреумен жақсы қарым-қатынас орнатудан жоғары тұрады
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада ірі кәсіпкерлермен өткен кездесуде мемлекет мүддесін әлдебіреумен жақсы қарым-қатынас орнатудан жоғары қоятынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Мен өте қиын шешімдер қабылдадым және болашақта да осындай шешімдер қабылдайтын боламын", - деді президент.
Осы ретте, мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" қорының сатып алу процесімен шұғыл түрде айналысуды тапсырды.
"Бір ай уақыт беремін, бұл соңғы рет. Шешімі болмаса, қатаң шешімдер қабылданады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске сала кетсек, бұған дейін дәл осы кездесуде президент бір күндік жалақыны "Қазақстан халқына" қорына аудару идеясын сынға алған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1952324-toqaev-men-usin-memleket-muddesi-aldebireumen-zaqsy-qarym-qatynas-ornatudan-zogary/