Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев "Самұрық-Қазына" басшысы туралы: Жүктелген міндетті атқара алмаса, өзі де, қор да бірге кетеді

Опубликовано:

Самұрық-Қазына
Көрнекі фото: skc.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық кәсіпкерлермен кездесуінде "Самұрық-Қазына" қорының төрағасы Алмасадам Сәтқалиевпен сөйлескенін айтты. Президент қор реформаланбаса оның төрағасы қормен бірге кететінін жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

"Мен "Самұрық-Қазына" қорын реформалауды тапсырған болатынмын, қазір қордың құрылымы күрделі. Сыбайластық, "саяси маңызы бар адамдардың" тағайындалуы, сатып алу жүйесінің тиімсіздігі, шығындардың көптігі, ауқымды жобаларды соңына жеткізбеу, техникалық қызмет көрсетуге кеткен шамадан тыс шығындар - осындай мәселелер халықтың наразылығын тудыруда.
Сонымен қатар осы уақытқа дейін нағыз мұнайхимия саласын қалыптастыра алмадық", - деді Тоқаев.

Ол Қазақстанның кеңестік дәуірдегі зауыттарды жөндеп жатқанын, ал Өзбекстанда осы уақытта 2-3 жаңа зауыт пайда болғанын алға тартты.

"Қорды толық реформалау туралы тапсырма бердім. Бұл туралы Сатқалиевпен сөйлестім. " Егер ол жүктелген міндетті атқара алмаса, өзі де, қор да бірге кетеді", - деді президент.

Еске сала кетейік, Тоқаев 11 қаңтарда "Самұрық-Қазына" қорының сатып алу жүйесінің ашықтығына қатысты сұрақтар әлі де бар екенін айтқан болатын.

17 қаңтарда президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мемлекет басшысы қор қызметін трансформациялау бойынша нақты іс-қимылдарды күтетінін жазған болатын.

19 қаңтарда "Самұрық-Қазына" қоры мемлекеттік аудит органдарына банк құпиясын жария ететіні белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1952366-toqaev-samuryq-qazyna-bassysy-turaly-qordy-reformalamasa-kelmeske-ketedi/

pixel