Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа реформа жүргізілетінін айтты

Опубликовано:

Тоқаев
Фото: Ақорда сайты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық кәсіпкерлермен кездесуінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат аясында елімізде бөлек реформа жүргізілетінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысының сөзінше, қазір сыбайлас жемқорлықпен күресте бұл құбылыстың себептерімен емес, салдарымен күресуге баса назар аударылып жатыр.

"Сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі талдау, шенеуніктердің бизнес пен азаматтарға ықпал ету мүмкіндіктерін азайту – осы аталған жұмысты жаңа деңгейде байыппен қарау керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның жобасын дайындады. Бұл құжатты бизнес қауымдастығымен жан-жақты талқылау керек. Корпоративтік сыбайлас жемқорлықпен күресуге ерекше назар аударыңыздар", - деді президент.

Мемлекет басшысы еліміздің инвестициялық климатын жақсартудың маңыздылығына мән беру керектігін жеткізді.

Оның сөзінше, екі бағыт бойынша жүргізілетін болады: елге капиталды қайтару немесе елге капиталды қайтаруды ынталандыру, сондай-ақ қаржының офшорға кетуіне кедергілер қою.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын мемлекет басшысы елдегі барлық мәліметтер мен функцияларды толық цифрландыруды мемлекеттік органдар арасындағы келіспеушіліктер, дәлірек айтқанда, әр орган эксклюзивті мәліметті иеленгісі келетіні тоқтатып тұрғанын айтқан болатын.

Сондай-ақ президент мемлекеттің экономикаға араласуын төмендету қажеттігін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1952389-toqaev-sybailas-zemqorlyqqa-qarsy-sayasatqa-reforma-zurgiziletinin-aitty/

pixel