jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Тоқаев кәсіпкерлермен кездесті: Жиынның толық видеосы жарияланды

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Фото: Facebook.com/Berik Uali

    Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ірі бизнес өкілдерімен кездесу өткізді. Аталған отырыстың толық видеосын мемлекет басшысының баспасөз қызметі Youtube парақшасында жариялады.

    Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдерімен кездесу кезінде халықтың жартысының айлық табысы 50 мың теңгеден аспайтынын айтқан еді.

    Сондай-ақ, ол Қазақстандағы кен орындарының бәріне тексеріс жүргізу қажет екенін жеткізді.

    "Табиғи ресурстарымызды барынша тиімді пайдалану керек. Үкімет барлық табиғи кен орындарына тексеріс жүргізіп, пайдаланылмай жатқан кен орындарын анықтап, оларды одан әрі игеру үшін жергілікті және шетелдік инвесторларды тарту қажет.

    Егер кен орны пайдаға аспай тұрса, онда оны алып, ақша салуға дайын адамға беру керек", - деп мәлімдеді президент.

    Сондай-ақ, мемлекет басшысы мемлекет мүддесін әлдебіреумен жақсы қарым-қатынас орнатудан жоғары қоятынын еске салды.

    Ол қазіргі таңда Қазақстанға шынайы реформалар қажет екенін түртіп өтті.

    "Ел өзгерді, біздің азаматтардың, қазақстандықтардың экономикалық жүйеге деген, тұтас өмірге деген көзқарасы да өзгерді. 11 қаңтар күні парламентте мәлімдегенімдей, байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық шектен тыс деңгейге жетті. Сіздер жақсы білетін жемқорлық аясында (ал кәсіпкерлерге бұл құбылыс шын мәнінде жақсы таныс) табыстағы бұл алшақтық қоғамда "отқа май құюмен" тең болды.

    Мұны террористер, содырлар мен қастандық жасаушылар да пайдаланып кетті. Қазіргі күні тергеу жүргізіліп жатыр. Олар туралы сіздер де, әлемдік қоғамдастық та білетін болады деп ойлаймын", - деді президент.

    Тоқаев кәсіпкерлермен кездесті: Жиынның толық видеосы жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.