Нұрболат Айдапкелов Ұлттық статистика бюросының басшысы қызметінен босатылды

Опубликовано:

Нұрболат Айдапкелов
Фото: zhaikpress.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Нұрболат Айдапкелов Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы қызметінен босатылды деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Нұрболат Серғалиұлы Айдапкелов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы лауазымынан босатылды", - делінген президент қол қойған құжатта.

Ұлттық статистика бюросының ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Нұрболат Айдапкелов 1979 жылы Жамбыл облысында туған.

2000 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша;

2002 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін "Заңтану" мамандығы бойынша бітірген.

"Құмет" орденімен, "Ерен еңбегі үшін" мемлекеттік наградасымен, "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл", "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл" медальдарымен,  "Статистика үздігі" төсбелгісімен марапатталған.

2001 жылдың қаңтар айынан 2003 жылдың қараша айына дейін Статистика агенттігінің "Ақпараттық-есептеу орталығы" РМҚ жұмыс істеді.

2003-2007 ж.ж. аралығында «Мемлекеттік экспорттық кредиттер және инвестицияларды сақтандыру корпорациясы» АҚ бас маманы, Қаржы департамент директоры болып жұмыс істеді.

2007-2008 ж.ж. "КАЗАгро "ҰҚ" АҚ" басқарушы директоры;

2008-2009 ж.ж. "КазАгроГарант" АҚ басқарма төрағасы;

2009 жылдың шілдесіне бастап желтоқсанға дейін "Astana Knowledge City" АҚ консультанты;

2009-2011 ж.ж. Статистика агенттігі төрағасының орынбасары;

2011-2013 ж.ж. Статистика агеттігінің Жауапты хатшысы;

2013-2014 ж.ж. Статистика агенттігі Әлеуметтік және демографиялық статистика департаментінің директоры;

2015 жылдың қаңтар айынан 2016 жылдың мамыр айына дейін түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарды.

2016 жылғы 26 мамырдан бастап 2020 жылғы 28 қазанға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы болды.

2020 жылғы 28 қазаннан бастап бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы болып қызмет етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1952633-nurbolat-aidapkelov-ulttyq-statistika-byurosynyn-bassysy-qyzmetinen-bosatyldy/