Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнуар Жанғозин лауазымды қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Фото
Фото: Facebook / Anuar Zhangozin

"Болашақ" халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы болып президенттік жастар резервінің мүшесі Әнуар Жанғозин тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол 1986 жылы дүниеге келген.

Михаил Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде "Математика" мамандығы бойынша және "Назарбаев Университетінің" магистратурасында "Білім беруді басқару" мамандығы бойынша білім алған.

Әнуар президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

2008-2011 жылдары "Назарбаев Зияткерлік мектептері" әдістемелік процесс департаментінің менеджері, директордың орынбасары болып жұмыс істеді.

2011 жылдан 2016 жылға дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы "Назарбаев Зияткерлік мектебінде" математика пәнінің мұғалімі, директор қызметін атқарған.

2017-2019 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы болды.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1952653-anuar-zangozin-lauazymdy-qyzmetke-tagaiyndaldy/

pixel