Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық статистика бюросының басшысы қызметінен кеткен Айдапкелов жаңа лауазымға тағайындалды

Опубликовано:

Нұрболат Айдапкелов
Фото: zhaikpress.kz

Нұрболат Айдапкелов "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі холдингтің ресми сайтына сілтеме жасап.

"2022 жылғы 24 қаңтарда Нұрболат Серғалиұлы Айдапкелов "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

"Бәйтерек" холдингінде ол агроөнеркәсіптік кешенді қолдау және дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысының өкімімен Нұрболат Айдапкелов Ұлттық статистика бюросының басшысы қызметінен босатылған еді.

Нұрболат Айдапкелов 1979 жылы Жамбыл облысында туған.

2000 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының "Бухгалтерлік есеп және аудит" мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін "Заңтану" мамандығы бойынша бітірген.

Ол "Құмет" орденімен, "Ерен еңбегі үшін" мемлекеттік наградасымен, "Қазақстан республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл", "Қазақстан республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл" медальдарымен,  "Статистика үздігі" төсбелгісімен марапатталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1952876-ulttyq-statistika-byurosynyn-bassysy-qyzmetinen-ketken-aidapkelov-zana-lauazymga-tagaiyndaldy/

pixel