Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент: Қазақстан көлік-транзиттік маршруттарды әртараптандыруға 20 млрд доллар бағыттайды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қазақстан тарапы Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы көлік-транзиттік маршруттарды әртараптандыруға мүдделі. Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – ҚХР" саммитінде осындай ой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Көлік-транзиттік маршруттарды әртараптандыру интеграцияланған логистикалық шешімдерді енгізу қажет. Оның ішінде жаңа құрлықтық дәліздерді іске қосу маңызды. Қазақстан өз тарапынан 2025 жылға дейін бұл мақсаттарға 20 млрд доллар бағыттауды жоспарлап отыр. Бұл Қытайдан бағыт алатын транзиттік ағынның арнасын кеңейтіп, өңірдегі елдердің қауырт өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді" , - деді мемлекет басшысы.

Қазақстан басшысы аталған істен халықаралық институттар да зор әлеует көріп отырғанын еске салды.

"Жалпы, Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, Орталық Азияның көлік коммуникациясын дамыту арқылы 5 мемлекеттің жалпы ішкі өнімін 15 пайыз деңгейінде өсіруге мүмкіндік бар. Бұл біз іске қосуға тиіс орасан резерв деген сөз. Біз аталған бағыттағы кез келген ақылға қонымды ұсынысты қолдауға дайынбыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1952924-prezident-qazaqstan-kolik-tranzittik-marsruttardy-artaraptandyruga-20-mlrd-dollar-bagyttaidy/

pixel