Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан даму банкі басшысының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Опубликовано:

Абай Сарқұлов
Фото: kdb.kz

Қазақстан даму банкінің басшысы Абай Сарқұловтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі банктің ресми сайтына сілтеме жасп.

"Жалғыз акционердің ("Бәйтерек" ҰБХ" акционерлік қоғамы) 24.01.2022 жылғы шешімімен Абай Сарқұловтың "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы басқарма төрағасы және директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды", - делінген хабарламада.

25 қаңтардан бастап бұл лауазымның міндетін атқару Сандуғаш Кенжебаеваға жүктелді.

Ол бұған дейін банк басқармасы төрағасының орынбасары болды.

Абай Сарқұлов 1981 жылы 13 тамызда Ақтөбе облысында дүниеге келген. 2003 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің экономика факультетін "Банк ісі" мамандығы бойынша үздік бітірген.

Абай Сарқұлов Банктегі өзінің еңбек қызметін 2007 жылғы наурызда Инфрақұрылымдық жобаларды кредиттеу басқармасының менеджерінен бастап Басқарма төрағасының орынбасарына дейінгі жолдан өтті.

2017 жылғы ақпан-2019 жылғы сәуір аралығында Абай Сарқұлов "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ атқарушы органын басқарды.

Абай Сарқұлов 2019 жылғы сәуірде ҚДБ Басқармасының төрағасы ретінде тағайындалып, бұл лауазымда ол Болат Жәмішевтің орнын ауыстырды.

"Даму Банкінің ұжымы Абай Сарқұловқа тиімді жұмысы үшін алғыс білдіреді және алдағы кәсіби қызметіне толайым табыс тілейді", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1952927-qazaqstan-damu-bankinin-bassysynyn-okilettigi-merziminen-buryn-toqtatyldy/

pixel