Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Самұрық Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры тағы жеті директорды жұмыстан босатты

Опубликовано:

Жеті директор қысқарды
фото: sk.kz

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры бірнеше қызметкердің жұмыстан босатылғанын мәлімдеді. Бұл туралы қордың ресми сайтында хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Мемлекет басшысы тапсырмаларын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, бүгін қызметінен босатылды:

Кравченко Андрей Николаевич, Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор – "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма мүшесі.

Манкеев Мұхтар Наурызбайұлы, "Самұрық-Қазына" АҚ Корпоративтік басқару және әлеуметтік-еңбек қатынастары жөніндегі басқарушы директор.

Дурмагамбетов Ерлан Дмитриевич, "Самұрық-Қазына" АҚ Стратегия, тұрақты даму және цифрлық трансформация жөніндегі басқарушы директор.

Тажигалиев Мұхтар Өтепқалиұлы, "Самұрық-Қазына" АҚ Активтерді басқару жөніндегі тең-басқарушы директор.

Есполов Бектенбай Тлектесұлы, "Самұрық-Қазына" АҚ Қоғам және Үкіметпен байланыс жөніндегі серіктес басқарушы директоры.

Тусупбеков Жаннат Рашидұлы, "Біріккен химиялық компания" ЖШС Басқарма төрағасы.

Кожаков Қуат Асқарбекұлы, "Samruk-Kazyna Trust" КҚ Бас директоры.

Портфельдік компанияларға корпоративтік орталық қызметкерлерінің санын заң талаптарына сәйкес екі есе қысқартып, өндірістік қызметкерлердің жалақысын алғашқы кезеңде орташа салалық көрсеткіштерге дейін көтеру туралы кеңес берілді.

Портфельдік компанияларға сатып алуларға жауапты барлық басшыларды заң талаптарына сәйкес қызметінен босатып, Қор тобына репутациялық әрі жемқорлық қауіп төндіретін барлық қызметкерлерді жұмыстан босату туралы кеңес берілді", - делінген ресми мәлімдемеде.

Айта кетелік, бұған дейін қор бес директорды қызметінен қысқартқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1952940-samuryq-qazyna-ulttyq-al-auqat-qory-tagy-zeti-direktordy-zumystan-bosatty/

pixel