Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев екі елшіге өзге дипломатиялық лауазымдарды қоса атқаруды жүктеді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен екі елші – Болат Сүгірбаев пен Нұрлан Жалғаспаевқа өзге дипломатиялық лауазымдарды қоса атқару жүктелді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстанның Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі Болат Болатұлы Сүгірбаев Қазақстанның Бруней-Даруссаламдағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.

Қазақстанның Үндістандағы төтенше және өкілетті елшісі Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев Қазақстанның Шри-Ланка Демократиялық Социалистік республикасындағы, Бангладеш Халық республикасындағы, Непал Федеративтік Демократиялық республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953015-toqaev-eki-elsige-ozge-diplomatiyalyq-lauazymdardy-qosa-atqarudy-zuktedi/

pixel