Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев тарихта алғаш рет өтетін "Орталық Азия – Үндістан" саммитіне қатысады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Ертең, 27 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев тарихта алғаш рет ұйымдастырылып отырған "Орталық Азия – Үндістан" атты саммитке қатысады. Жиынға Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди бастамашы болған. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Жиынға Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди бастамашы болды. Іс-шара онлайн форматта өтеді. Көшбасшылар Орталық Азия елдері мен Үндістан арасындағы түрлі салалар бойынша ынтымақтастықты нығайтудың және кеңейтудің перспективаларын талқылайды", – деп жазды Берік Уәли.

Жиын қорытындысы бойынша "Орталық Азия – Үндістан" атты бірінші саммиттің Декларациясы қабылданады деп күтілуде.

Еске салсақ, жақында Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия - Қытай" мемлекет басшыларының саммитіне қатысқан болатын. Президент өз сөзінде елде тәртіпсіздіктер орын алған күндері қазақстандықтар Қытай мен Орталық Азия елдерінің қолдауын ризашылықпен қабылдағанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953053-toqaev-tarixta-algas-ret-otetin-ortalyq-aziya-undistan-sammitine-qatysady/

pixel