Вячеслав Ким "Самұрық-Қазына" қоры директорлар кеңесінің құрамынан шықты
Опубликовано:

Вячеслав Ким "Самұрық-Қазына" қоры директорлар кеңесінің құрамынан шықты. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының ресми сайтында хабарланды.
Ведомствоның мәліметінше, Вячеслав Ким тәуелсіз директор болған. Ол қызметтен өз еркімен кеткен.
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесі алты адамнан тұратыны атап өтілді. Олар: Джон Дудас, Онг Бун Хви, Лука Сутера, Алмасадам Сәтқалиев, Данияр Ақышев, Әлібек Қуантыров.
Еске сала кетсек, бұған дейін отандық бизнес өкілдерімен кездесуде мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" қорын түбегейлі реформалауды тапсырған болатын.
Сонымен бірге, "Самұрық-Қазына" қорының қызметкерлер саны 50 пайызға қысқаратыны хабарланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953156-vyaceslav-kim-samuryq-qazyna-qory-direktorlar-kenesinen-ketti/