Еркін Тұқымов президент жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры болды
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Тұқымов президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, президент өкімімен Зарема Каукенқызы Шаукенова Қазақстан Республикасының президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымынан босатылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953213-erkin-tuqymov-prezident-zanyndagy-strategiyalyq-zertteuler-institutynyn-direktory-boldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.