Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент бірқатар кадрлық тағайындау жасады

Опубликовано:

Президент
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомат Тоқаев бірқатар кадрлық тағайындау жасады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының жарлығымен Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды.

Бұл қызметті атқарған Жанар Сейдақметқызы Айтжан лауазымынан босатылды.

Одан бөлек, президент өкімімен Роман Юрьевич Василенко Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Бұл қызметті атқарған Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев лауазымынан босатылды.

Сонымен қатар, Роман Юрьевич Василенко Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953234-prezident-birqatar-kadrlyq-tagaiyndau-zasady/

pixel