Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Марат Төлебаев Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды

Жарияланған күні:

Марат Төлебаев
Марат Төлебаев. Фото: petropavltv.kz

Қазақстан президенті әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің бастығы лауазымына Марат Төлебаев тағайындалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Төлебаевты жеке құрамға таныстырды.

Бұған дейін осы қызметті атқарған Ержан Сәденов Қазақстан президентінің өкімімен жақында ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Министр Ержан Сәденовтың басшылығымен Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша оң нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтіп, атқарылған жұмыс үшін алғысын білдірді.

"Біздің елордамыз қарқынды өсіп, дамып келеді, оның тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету өте маңызды. Аумақтық бөлімшені басқаруда мол тәжірибесі бар Марат Төлебаев мемлекет басшысының ішкі істер органдарының алдына қойған міндеттерін орындау жұмыстарын, оның ішінде халықпен өзара іс-қимылдың сервистік моделіне көшу, полиция қызметін цифрландыру және қылмысқа қарсы күресті тиісті деңгейде жалғастыратынына сенімдімін. Біздің елордамыз әлемдегі ең қауіпсіз қалалардың қатарында болуы тиіс", - дейді Ерлан Тұрғымбаев.

Марат Сағынтайұлы Төлебаев 1969 жылы дүниеге келген.

Ішкі істер органдарындағы қызметін Қостанай облысында қылмыстық іздестіру жедел уәкілі лауазымынан бастаған.

Әр жылдары елордада полиция департаментінің бөлімшелерінде басшылық қызметтер атқарған. Қостанай облысы және Нұр-сұлтан қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болған.

2019 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментін басқарды. Полиция генерал-майоры арнайы атағы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953248-marat-tolebaev-nur-sultan-qalasy-policiya-departamentinin-bastygy-bolyp-tagaiyndaldy/