Бақыт Сұлтанов Қазақстанның Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесіндегі өкілі болды

Опубликовано:

Бақыт Сұлтанов
Бақыт Сұлтанов. Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бақыт Сұлтановты Қазақстанның Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесіндегі өкілі етіп тағайындады. Бұл туралы "Алматы трагедиясы" Telegram каналында хабарлады.

"Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілі болып тағайындалсын", - делінген президент жарлығында.

Бақыт Сұлтанов 1971 жылы Алматыда дүниеге келген. 1994 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін инженер-электрик мамандығы бойынша, ал 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 1994 жылы ҚР қаржы министрлігінде қаржы нарығының құнды қағаздары басқармасы акционерлеу және лицензиялау бөлімінің жетекші экономисі болып бастады.

1995 жылы бөлім басшысы, 1996 жылы басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды;

Әр жылдары мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры, қазынашылық департаменті директорының орынбасары, қаржы министрлігі мемлекеттік бюджет департаментінің директоры болды.

Сондай-ақ, экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, статистика агенттігінің төрағасы, қаржы вице-министрі, экономика және бюджеттік жоспарлау министрі сынды лауазымды қызметтерді атқарды.

Одан бөлек, Қазақстан президентінің көмекшісі, президенті әкімшілігі басшысының орынбасары; премьер-министрдің орынбасары, қаржы министрі болды.

2018 жылдың 11 қыркүйегінен бастап 2019 жылғы 13 маусымға дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі қызметін атқарды.

Ал 2019 жылдың 17 маусымында Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Сауда және интеграция министрі қызметіне тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953279-baqyt-sultanov-qazaqstannyn-euraziyalyq-ekonomikalyq-komissiya-kenesindegi-okili-boldy/