Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан әскери қуаты бойынша Украина, Беларусь және Өзбекстаннан артта қалды

Опубликовано:

жауынгер
Көрнекі фото: pixabay.com

Ғаламторда әлем елдерінің әскери қуаты бойынша 2022 жылғы жаңартылған рейтингі жарияланды, онда Қазақстан 64-ші орында тұр.

Рейтинг Global Firepower Index сайтында жарияланған. Онда әр елдің әскери қуаты индексін (PwrIndx) 50 түрлі индикатор бойынша есептелген, оның ішінде логистика, география, қаржыландыру және басқа да көрсеткіштер бар.

Рейтинг стран мира по военной мощи
Рейтинг. Скриншот: globalfirepower.com

Елдің көрсеткіші нөлге жақын болған сайын, оның әскери қуаты да жоғары болатыны көрсетілген.

Аталған рейтинг бойынша бірінші орында АҚШ, екінші орында Ресей, үшінші орында Қытай тұр.

Үздік ондыққа сонымен қатар Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея, Франция, Ұлыбритания, Пәкістан және Бразилия кірген.

Қазақстан жаңартылған рейтингте 64-орынға тұрақтады, былтырғы жылмен салыстырғанда еліміздің позициясы өзгерген жоқ.

Көрші елдер арасында Қазақстан Қырғызстан (90), Армения (97), Тәжікстан (111) және Ауғанстаннан (118) жоғары орналасқан.

Бұл тізімде Қазақстаннан жоғары тұрған елдер қатарында Әзірбайжан (63-орын), Өзбекстан (54-орын), Беларусь (52-орын), Украина (22-орын), Түркия (13-орын) бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953307-qazaqstan-askeri-quaty-boiynsa-ukraina-belarus-zane-ozbekstannan-artta-qaldy/

pixel