Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Біз Ауғанстан мен оның халқын қиындықта жалғыз қалдырмауымыз керек

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия - Үндістан" саммитінде басқа елдер Ауғанстанды қиындықта жалғыз қалдырмауы керек екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Біздің саяси көзқарасымызға, жеке сенімімізге қарамастан, Ауғанстан мен халқын гуманитарлық дағдарыс қаупі бар, бұрын-соңды болмаған қиындықтармен жалғыз қалдырмауымыз керек",- деді Тоқаев.

Еске салайық, Ауғанстандағы жағдай елден америкалық әскердің шығарылуына байланысты нашарлаған еді. "Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) қозғалысының өкілдері шабуыл жасап, аз уақыт ішінде елдің ауқымды аймағын бақылауға алды. Кей аудан мен қалалар қозғалыс күштеріне соғыссыз берілді.

Кейін олар астанаға кірді. Осылайша, қозғалыс өкілдері Ауғанстандағы 20 жылдық соғыстың аяқталғанын мәлімдеп, жаңа үкімет құрды. Сарапшылар Ауғанстан бұрын-соңды болмаған ашаршылыққа тап болады деп болжаған еді. Кейіннен ел үкіметі ашаршылықтың алдын алу үшін халықаралық көмек сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953362-toqaev-biz-auganstan-men-onyn-xalqyn-qiyndyqta-zalgyz-qaldyrmauymyz-kerek/

pixel