Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Смайылов үкіметтің 2022 жылғы іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу жөнінде кеңес өткізді

Опубликовано:

Әлихан Смайылов кеңес өткізді
Фото: primeminister.kz

Қазақстанның премьер-министрі Әлихан Смайылов сыртқы істер, ішкі істер, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің басшылығымен үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу мәселелері жөнінде кеңестер өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Сыртқы істер министрлігі ұсынған шаралар инвестициялар ағынын ынталандыруға және инвестициялық ахуалды жақсартуға, шет елдермен инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімдер жасасуға, шетелдік инвестицияларды тарту процесінде әкімшілік-құқықтық кедергілерді жоюға бағытталған. Сыртқы саясат ведомствосы ҚР Президентінің жаңа реформаларын шет елдерде ақпараттық сүйемелдейді.

Ішкі істер министрлігі ұсынған шаралар құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық қорғалуын арттыруды, ішкі істер органдарының инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық базасын қалпына келтіруді, жергілікті полиция қызметін жарақтандыруды, елдегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиімді орындау үшін модульдік стационарлық бекеттер мен учаскелік полиция пункттерін салуды көздейді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі индустрияландыру, оның ішінде импортты алмастыру, ТКШ жүйесін цифрландыру, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу тетіктерінің ашықтығын қамтамасыз ету, жол саласын саннан сапаға қайта бағдарлай отырып реформалау, ірі кәсіпорындардың төңірегінде өңдеу өнеркәсібінде ШОБ дамыту және т. б. шараларды ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953445-smaiylov-ukimettin-2022-zylgy-is-qimyl-bagdarlamasyn-azirleu-zoninde-kenes-otkizdi/

pixel