Экология вице-министрі мен "Оператор РОП" басшысы қамауға алынды

Опубликовано:

Ахметжан Пірімқұлов
Ахметжан Пірімқұлов. Фото: primeminister.kz

Экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "Оператор РОП" басшысы Медет Құмарғалиев 2 айға қамауға алынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі елорда сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2022 жылғы 27 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Пірімқұлов А.А.-ға, Құмарғалиев М.Қ.-ға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің басқа деректері жарияланбайды", - делінген хабарламада.

Медет Құмарғалиев
Медет Құмарғалиев. Фото: Facebook / Recycle.kz

Еске сала кетсек, бұған дейін Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "Оператор РОП" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев ұсталғанын жазған едік.

Олар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953448-ekologiya-vice-ministri-men-operator-rop-bassysy-qamauga-alyndy/

jitsu gif