Қызметкерлер шағымынан соң Атырау облысы тексеру комиссиясының жетекшісі жауапқа тартылды
Жарияланған күні:
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің Әдеп жөніндегі кеңес отырысында бірнеше лауазымды тұлғаға қатысты тәртіптік істер қаралды. Олардың қатарында тексеру комиссияның жетекшісі де бар болып шықты, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.
"Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының басшысы Равиль Төлебаевқа ұжымда іскерлік және достық қарым-қатынас орната алмағанына байланысты қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылады", - деп хабарлады мемлекетті қызметі істері жөніндегі басқармадан.
Еске сала кетсек, осыған дейін тексеру комиссиясының бір топ қызметкері президентке, бас прокурорға, ҰҚК және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке өздерінің басшылары, 39 жастағы төраға Равиль Төлебаевтың үстінен ұжымдық шағым түсірген болатын.
Адамдар қайта-қайта ақша жинау, бюджет қаражатын пайдасыз ысырап ету, балағаттау, заңсыз тексерулер және демалыс күндері мәжбүрлі түрде жұмыс істеу туралы шағым жасаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953453-qyzmetkerlerdin-sagymynan-son-atyrau-oblysy-tekseru-komissiyasynyn-zeteksisi-zauapqa-tartyldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.