Жанар Жарылғасова Энергетика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды

Опубликовано:

Жанар Жарылғасова
Жанар Жарылғасова. Фото: primeminister.kz

Энергетика министрінің бұйрығымен Жанар Шайқықызы Жарылғасова Энергетика министрлігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Жанар Жарылғасова 1973 жылы Жамбыл қаласында дүниеге келген.

Ш. Есенов атындағы Ақтау политехникалық университетін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Ұлттық басқару мектебін (Франция) бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-дың 1Отын және көмірсутекті металдардың химиялық технологиясы1 кафедрасының жетекші инженері қызметінен бастады.

2000-2008 жылдары Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.

2008-2010 жылдары Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік және энергетикалық қадағалау комитетінің лицензиялау, лицензиялық бақылау және заңдық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы болды.  

2010-2014 жылдары Мұнай және газ министрлігінің басқармаларында түрлі лауазымдарды атқарды.  

2014-2020 жылдары Энергетика министрлігінің құрылымында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2020 жылғы қаңтар айынан бастап бүгінге дейін Қазақстан президенті ікімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953482-zanar-zarylgasova-energetika-ministrligi-apparatynyn-bassysy-bolyp-tagaiyndaldy/