Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Nur Otan" партиясының кезектен тыс XXI съезі басталды

Опубликовано:

здание Nur Otan
Фото: Nur Otan

"Nur Otan" партиясының кезектен тыс XXI Съезі өз жұмысын бастады. Оған еліміздің барлық өңірінен 389 делегат онлайн-форматта қатысып отыр. Бұл жөнінде Ақорданың Twitter-дегі парақшасында хабарланды.

"Съезге бейнеконференцбайланысы режимінде ел басшылығы, Саяси кеңес мүшелері, аймақтық филиалдар өкілдері, депутаттар мен үкімет мүшелері қатысуда.

Бекітілген күн тәртібіне сәйкес келесі үш мәселе қаралады: 1. Партияның Төрағасын сайлау туралы; 2. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы; 3. Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы", - делінген Twitter-де Ақорда жариялаған ақпаратта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953522-nur-otan-partiyasynyn-kezekten-tys-xxi-sezi-bastaldy/

pixel