Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Қазақстан болашағы үшін, ең алдымен, "Nur Otan" жауапты

Опубликовано:

Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев "Nur Otan"-ның кезектен тыс съезінде партияның алдына қойған мақсат-міндеттерін айтты. Мемлекет басшысы Қазақстанның болашағы үшін ең алдымен "Nur Otan" жауап екенін алға тартты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Саясатта ел мүддесіне берік болу айрықша маңызды. Мен Президент қызметінде және партия жұмысында дәл осы қағиданы ұстанамын. Біз Егемендіктің төртінші онжылдығына қадам бастық. Алдымызда жаңа міндеттер тұр. Бірлігіміз бекем болса, оның бәрін орындаймыз.

Ең бастысы, қоғамға тыныштық пен тұрақтылық керек. «Nur Otan» – еліміздің негізгі саяси күші.

Сондықтан Қазақстанның болашағы үшін, ең алдымен, біздің партиямыз жауапты. Әрқайсымыз осы жауапкершілікті терең сезініп жұмыс істеуіміз қажет.

Шын мәнінде, "Nur Otan" мемлекетшілдер партиясы болуы керек. Ұйым мүшелері мемлекет мүддесін бәрінен биік қоюға тиіс.

Партияның барлық бастамалары елімізді өркендетуге, халқымыздың әл-ауқатын арттыруға арналғанын ұмытпайық! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын", - деді Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін "Nur Otan" партиясының кезектен тыс съезі болып жатыр. Оған еліміздің барлық өңірінен 389 делегат онлайн-форматта қатысуда.

Қасым-Жомарт Тоқаев бірауыздан "Nur Otan" партиясының төрағасы болып сайланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953541-memleket-bassysy-qazaqstan-bolasagy-usin-en-aldymen-nur-otan-zauapty/

pixel