Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы қай салаларға түбегейлі өзгеріс енгізу керек екенін айтты

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

"Nur Otan" партиясының кезектен тыс съезінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда қандай салаларға өзгеріс керек екенін атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың Тwitter әлеуметтік желісіндегі парақшасы.

"Қоғамдық құндылықтар жүйесіне, саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларға түбегейлі өзгеріс енгізу қажет. Осы ретте, азаматтық қоғам институттарына зор міндет жүктеледі. Әсіресе, саяси партиялар айрықша рөл атқарады", - деді Тоқаев.

Осы орайда мемлекет басшысы осы уақытқа дейінгі жетістіктерден айырылып қалмау маңызды екенін атап өтті.

"Біз бұған дейінгі жетістіктерімізден айырылып қалмауымыз керек. Мемлекетімізді нығайтып, кез-келген сынаққа дайын болуымыз қажет. Табысқа жету үшін, ең алдымен, ауызбіршілік керек екенін есте ұстайық", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев "Nur Otan" партиясының Төрағасы болып бірауыздан сайланғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953542-memleket-bassysy-qai-salalarga-tubegeili-ozgeris-engizu-kerek-ekenin-aitty/

pixel