Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Nur Otan партиясы саяси кеңесінің құрамы қалай өзгерді

Опубликовано:

Nur Otan
Фото: Nur Otan

Nur Otan партиясының саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі партиясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Партия ұсынған ақпаратқа сәйкес, 389 делегаттың 389-ы саяси кеңес құрамының өзгерістеріне дауыс берген.

Оған партия мүшелерінің санына пропорционалды түрде барлық өңірдің өкілдері енді. 

Жалпы, партияның жоғары өкілді органының 55 пайызға жаңарғаны хабарланып отыр.

"Әйелдердің үлесі 33,7 пайызға дейін өсті. 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 6 есеге, 13 пайызға дейін артты. Орташа жас мөлшері 4 жылға төмендеп, 47 жасты құрады. Мемлекеттік қызметшілер саны үштен бірге қысқарды. Саяси кеңестің құрамында азаматтық сектордың өкілдері айтарлықтай артты. Білім беру саласының өкілдері 2 есеге (10 пайыз) артты. ҮЕҰ мен БАҚ үлесі 2 еседен астамға, 15,2 пайызға ұлғайды", - делінген хабарламада.

Партияның саяси кеңесі мүшелерінің жаңа тізімімен сілтемеге өтіп, танысуға болады.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев "Nur Otan" партиясының Төрағасы болып бірауыздан сайланғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953545-nur-otan-sayasi-kenesinin-quramy-qalai-ozgerdi/

pixel