Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Nur Otan партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы болатынын айтты

Опубликовано:

Президент
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының отырысында партия Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдыңғы шебінде болуы керектігін мәлімдеді. Бұл туралы Ақорданың Твиттер әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды.

"Nur Otan партиясы мен жариялаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы аяусыз күрестің алдыңғы шебінде болып, осы күрделі проблема жөнінде пайдалы бастамалар ұсынуы керек. Жүйелі сыбайлас жемқорлықтың қаңтардағы көтерілістердің өзіндік триггеріне айналғаны еш құпия емес", - деді мемлекет басшысы.

Осы орайда президент қоғамда азаматтардың сыбайлас жемқорлық әдетінен мүлдем бас тартуын қалыптастыру маңызды екенін атап өтті.

"Бұл азаматтық қоғамды жұмылдырусыз мүмкін емес, партия оның ажырамас бөлігі болып табылады. Сол себепті партия өзінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жаңа мазмұнмен толықтыруы керек", - деді Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953570-toqaev-nur-otan-nyn-sybailas-zemqorlyqqa-qarsy-zana-strategiyasy-bolatynyn-aitty/

pixel