Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кемелбек Ойшыбаев ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Sputnik / Владимир Федоренко

Кемелбек Ойшыбаев ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды primeminister.kz.

"Үкіметтің қаулысымен Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Кемелбек Ойшыбаев 1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін, сонымен қатар Geneva Business School (Швейцария) МВА бағдарламасын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы "Интерфакс-Қазақстан" АА" ЖШС тілшісі болып бастаған.

Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда еңбек етті.

2015-2016 жылдары "ҚазМедиа орталығы" басқарушы компаниясы" ЖШС-да, ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде басшылық лауазымдарды атқарды.

2016-2017 жылдары — "Қазақстан" телерадиокорпорациясы" АҚ басқарма төрағасы.

2019-2020 жылдары — "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасы.

2020 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953574-kemelbek-oisybaev-aqparat-zane-qogamdyq-damu-vice-ministri-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel