Айдын Қабдұлдинов Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды

Опубликовано:

Жаңа басшы
Фото: Алматы қаласының ПД

Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы лауазымына Айдын Қабдұлдинов тағайындалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа басшыны Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер органдарының жеке құрамына ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев және Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов таныстырды.

Айта кетейік, Айдын Тоқтарұлы Қабдұлдинов 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған.

Ішкі істер органдарында 1994 жылдан бастап қызмет атқарады.

Ішкі істер министрлігі Алматы заң институтының түлегі.

Тергеу және жедел бөліністердегі жұмыс тәжірибесі мол.

2020 жылдың ақпанынан Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымын атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953576-aidyn-qabduldinov-soltustik-qazaqstan-oblysy-policiya-departamentinin-bassysy-bolyp-tagaiyndaldy/