Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысының МКД басшысы қызметінен босатылды

Опубликовано:

Сырым Дынбаев
Фото: facebook.com/alm.obl.dgd

Алматы облысының мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Сырым Дынбаев қызметінен босатылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісіне мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Анықталғандай, Сырым Дынбаев лауазымды қызметінен өз еркімен 28 қаңтар күні кеткен.

Сырым Дынбаев 1972 жылы 23 шілде күні Алматы облысында дүниеге келген. Ол Алматы облысының мемлекеттік кірістер департаментін 2020 жылдың сәуірінен бастап басқарды.

Оған дейін Дынбаев 2018 жылға дейін аталмыш департаменттің басшы орынбасары қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953638-almaty-oblysynyn-mkd-bassysy-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel