Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл мәселе сол мезетте-ақ шешілді": Тоқаев Назарбаевпен арадағы әңгіме туралы айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрсұлтан Назарбаев
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: elbasy.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Хабар 24" телеарнасына берген сұхбатында тәртіпсіздіктер кезінде Елбасымен не туралы әңгімелескенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Президентпен сұхбаттасқан журналист Вера Захарчук Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде Тоқаев пен Назарбаев арасында Тұңғыш президент пен оның отбасына берілген жеке басына қол сұқпаушылық пен бірқатар басымдықтары "саудаға салынып жатыр" деген сынды әңгімелердің рас-өтірігіне қатысты сұрақ қойды.

"Жоқ, әлбетте, ешқандай "саудаға салу" болған жоқ. Жеке басына берілген басымдықтар туралы да сөз болмады. Әңгіме болған жалғыз жайт - Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы дәрежесіне қатысты мәселені тез арада шешу қажет болды. Жасыратыны жоқ, жағдай ушыға түскен кезде мен қазір халыққа үндеу жолдап, осы уақыттан бастап Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болғанымды мәлімдеуім қажет екенімді ашық айттым. Бұл мәселе сол мезетте-ақ шешілді.

28 қаңтар күні Nur Otan партиясының съезі өтті. Мен онда сөйлеген сөзімде Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөліне баға бердім. Менің берген бағам объективті деп ойлаймын және халық болашақта дәл осы бағаға, дәл осы сипаттамаға бағдар ұстайтын болады деп үміттенемін", - деді президент журналистің сұрағына жауабында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953666-bul-masele-sol-mezette-aq-sesildi-toqaev-nazarbaevpen-aradagy-angime-turaly-aitty/

pixel