Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев ҰҚШҰ көмегінен кейін Қазақстан "Путинге қарыздар" деген қауесетке жауап берді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Видеодан кадр: Хабар 24 телеарнасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Хабар 24" телеарнасының эфирінен берілген сұхбатында ҰҚШҰ-ның Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезіндегі көмегінен соң енді "еліміз Ресей президенті Владимир Путинге қарыздар" деген қоғамдағы пікірге көзқарасын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қарыздармыз деген қауесеттерге келсек. Владимир Путинмен көп сөйлессем де, кейінірек есептесу керектігі турасында онымен ешқандай әңгімелесу, әрине, болмады деп жауапкершілікпен мәлімдеймін. Кремль тарапынан да ешқандай алдын ала шарт болған жоқ. Өйткені Ресей - Қазақстанмен одақтас мемлекет", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Ресеймен қарым-қатынасы әрқашан жақын әрі әріптестік жағдайда екенін және солай болып қала беретінін айтты.

"Мен ақпан айының ортасында Мәскеуге Ресей президентінің шақыруымен баратын боламын және біз екі ел арасында ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа қатысты өте маңызды келісімдерге қол қоямыз", - деді Тоқаев.

Айта кетейік, сұхбат барысында Тоқаев Қытайдың Қазақстан экономикасына араласуына қоғам наразылығы жөнінде де пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953671-toqaev-uqsu-komeginen-keiin-elimiz-putinge-qaryzdar-degen-qauesetke-zauap-berdi/

pixel