Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды
Опубликовано:

Мемлекет басшысының өкімімен Ерболат Досаев Ұлттық банк төрағасы қызметінен босатылып, Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды деп хабарлайды Ақорда.
"Ерболат Асқарбекұлы Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымынан босатылсын", - делінген президент қол қойған құжатта.
Ерболат Досаев 1970 жылы 21 мамырда Алматыда өмірге келген.
Ол Алматы энергетикалық институты мен Мәскеудегі Бауман атындағы мемлекеттік техникалық университетті тәмамдаған.
Еңбек жолын 1993 жылы "Іскер" ММӨҚ бастаған.
1997 жылы "Банк ТұранӘлем" ЖАҚ басқарма төрағасының орынбасары, "АТФ Банк" ЖАҚ басқарма төрағасы болды.
Әр жылдары премьер-министрдің кеңесшісі, Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, Қаржы вице-министрі, Қазақстан Даму банкі директорлар кеңесінің төрағасы, Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын кәсіпкерлікті қолдау агенттігін басқарды.
Одан бөлек, Қаржы министрі, Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің төрағасы, сондай-ақ Ұлттық банк басқармасының мүшесі, Денсаулық сақтау министрі, "ҚазИнвестБанк" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болды.
Сондай-ақ, Сауда және экономикалық даму министрі, Экономика және бюджетті жоспарлау министрі, Ұлттық экономика министрі, "Бәйтерек" ұлттық холдингінің басшысы, премьер-министрдің орынбасары болды.
2019 жылдан бастап бүгінге дейін Ұлттық банк басшысы қызметін атқарды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953744-erbolat-dosaev-almaty-qalasynyn-akimi-bolyp-tagaiyndaldy/