Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роза Кәрібжанова лауазымды қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Мәдениет комитеті
Фото: primeminister.kz

Мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет комитетінің төрағасы лауазымына Роза Кәрібжанова тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

"Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Роза Самидоллақызы Кәрібжанова Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін бұл қызметті Ақан Абдуалиев атқарған болатын.

Роза Кәрібжанова 1964 жылы Торғай облысында өмірге келді.

Ол Қарағанды мемлекеттік университетін, Еуразия гуманитарлық институтын, президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ұлттық мемлекеттік саясат мектебін бітірген.

Роза Кәрібжанова осыған дейін білім және ғылым, ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінде, президенті әкімшілігінде лауазымды қызмет атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953903-roza-karibzanova-lauazymdy-qyzmetke-tagaiyndaldy/

pixel