Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бар күш-жігерімді жұмсаймын": Алматы әкімі Ерболат Досаев жаңа қызметі туралы пікір білдірді

Опубликовано:

Ерболат Досаев
Фото: primeminister.kz

Жаңа қызметіне кіріскен Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев оңтүстік астананы дамыту жолында аянбай еңбек ететінін айтты.

Мегаполис басшысының сөзін Алматы телеарнасы жариялады.

"Мемлекет басшысының сенімін анықтауға бар күш-жігерімді жұмсаймын. Алматыны бұрынғы қалпына келтіріп, одан ары дамытып көркейту мен үшін ең маңызды міндет.
Осындай сын сағатта бәріміз жұдырықтай жұмылып, жұмыс істейтінімізге сенім білдірігім келеді. Бүгінде біз Алматы тұрғындарымен бірге екенімізді көрсетуіміз керек деп ойламын", - деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін президенттің өкімімен Ерболат Досаев Ұлттық банк төрағасы қызметінен босатылып, Алматы қаласының әкімі болып тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953913-bar-kus-zigerimdi-zumsaimyn-almaty-akimi-erbolat-dosaev-zana-qyzmeti-turaly-pikir-bildirdi/

pixel