Нұрлан Нығматулин өкілеттігін тоқтатуға өтініш берді

Опубликовано:

Нұрлан Нығматулин
Нұрлан Нығматулин. Фото: ult.kz

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты Нұрлан Нығматулиннің өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы қаулы шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ОСК ресми сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулиннің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты Н.З. Нығматулиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін", - делінген ресми құжат мәтінінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953971-nurlan-nygmatulin-okilettigin-toqtatuga-otinis-berdi/