Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерлан Қошанов мәжіліс депутаты болып тіркелді

Опубликовано:

Тағайындау
Ерлан Қошанов. Фото: Ақорда

Президент әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов мәжіліс депутаты болып тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Орталық сайлау комиссиясының қаулысы ведомствоның ресми сайтында жарияланды.

"Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі депутатының бос мандаты "Nur Otan" партиясы" қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ерлан Жақанұлы Қошановқа берілсін. Ерлан Жақанұлы Қошанов Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты болып тіркелсін. Ерлан Жақанұлы Қошановқа белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын", - делінген құжат мәтінінде.

Еске сала кетейік, бұған дейін мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға өтініш бергені хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953975-erlan-qosanov-mazilis-deputaty-boldy/

pixel