Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Парламент мәжілісінің төрағасы болып Ерлан Қошанов сайланды

Опубликовано:

Ерлан Қошанов
Фото: www.instagram.com/berikuali

Президент әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылып, мәжіліс депутаты болып тіркелген Ерлан Қошанов парламент мәжілісінің төрағасы болып сайланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Рarlam.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

"Парламент мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің төрағасы қызметіне Ерлан Жақанұлы Қошановты бірауыздан сайлады.

Ерлан Қошановтың кандидатурасын мәжіліс депутаты Ерлан Саиров ұсынды", - делінген ресми хабарламада.

Депутаттар алдында сөз сөйлеген жаңа мәжіліс төрағасы өз кандидатурасын қолдап, сенім көрсеткен депутаттарға ризашылығын білдірді.

"Өмір жолымның бірқатар уақыты осы парламент қабырғасында өтті. Сіздердің сенімдеріңіздің арқасында, осы абыройлы жұмысты бірге жалғастырамыз деп ойлаймын.

Парламент мәжілісіне жетекшілік ету бұл, әрине, ерекше мәртебе. Бұл Қазақстан халқы мен мемлекет басшысының алдындағы зор үлкен жауапкершілік. Бәрімізге белгілі, ел тарихының даму кезеңінің ең жауапты кезінде тұрмыз. Осы уақытта президентіміз жан-жақты және түбегейлі реформалар ұсынатынын атап өтті.

Бұл реформаларды сапалы заңдармен қамтамасыз ету барлығымыздың, әсіресе, мәжіліс депутаттарының ортақ міндеті. Ел мүддесі үшін адал еңбек етейік. Мәжілістің жұмысын жаңа деңгейге көтерейік", - деді Ерлан Қошанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953995-erlan-qosanov-parlament-mazilisinin-toragasy-bolyp-sailandy/

pixel