Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нығматулин: Мәжілістегі жұмыс менің өмірімдегі маңызды және жауапты кезең болды

Опубликовано:

Нұрлан Нығматулин
Нұрлан Нығматулин. Фото: parlam.kz

Бүгін мәжілістің пленарлық отырысында Нұрлан Зайроллаұлын Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің төрағасы қызметінен өз еркімен босату туралы қаулының жобасы дауысқа салынып, ол бірауыздан қабылданды. Биыл мәжіліс спикер болғанына 10 жыл толғанын алға тартқан Нұрлан Нығматулин жиында сөз сөйлеп, кімдерге алғыс білдіретінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ парламент сайтына сілтеме жасап.

"Биыл Мәжіліс спикері болғаныма 10 жыл толып отыр. Үш шақырылым төраға болдым. Бұл, әрине, аз уақыт емес. Осы уақыттың ішінде, еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріне белсене араласып, елімізге, халқымызға қажетті, сапалы заңдар қабылдау жолында бірлесіп, аянбай еңбек еттік.
Бұл жолда, ең алдымен, Елбасымыз, "Nur Otan" партиясының негізін қалаушы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа, қазіргі мемлекет басшысы,  партиямыздың Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа маған осы жылдарда бірнеше лауазымды қызметті сеніммен тапсырып, әрқашанда қолдау көрсеткені үшін, шын жүректен алғысымды білдіремін", - деді экс-төраға.

Одан әрі Нұрлан Нығматулин үш шақырылым бірге жұмыс істеген депутаттарға, осы жылдар ішінде қолдап, сенім білдірген сайлаушыларға, мәжілістің заң шығару жұмысын жоғары деңгейде қамтамасыз еткен аппарат қызметкерлеріне, барлық қоғамдық ұйым өкілдеріне, Мәжіліске кірмеген саяси партияларға,  мәжіліс жұмысын насихаттаған  журналистерге, сарапшыларға  алғыс білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1954005-nygmatulin-mazilistegi-zumys-menin-omirimdegi-manyzdy-zane-zauapty-kezen-boldy/

pixel